Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шырша орнатылды
09:40, 04 Желтоқсан 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағалы металдар саудасымен айналысатын Pro Aurum неміс компаниясы Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шыршаны орнатты, деп хабарлады дүйсенбіде швейцариялық Blick газеті.
Басылымның жазуынша, оның құны 2,3 млн еуроны құрайды.
Шырша 2018 алтын монетамен безендірілген пирамида іспеттес. Оның салмағы 63 келі, деп атап өтті Blick. Ол 15 желтоқсанға дейін Pro Aurum кеңсесінде тұрады.