Мюнхенде көлік бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Бейсенбі күні Германияның Мюнхен қаласында көлік бір топ адамды қағып кетіп, бірнешеуі жараланды, деп хабарлайды Associated Press.
Бұл туралы неміс полициясы хабарлады.
Билік әзірге зардап шеккендердің нақты санын немесе оқиға туралы мәліметті, соның ішінде соқтығыстың қасақана болған-болмағаны туралы мәлімет таратпады.
Полицейлер X әлеуметтік желісінде жүргізушінің оқиға орнында ұсталғанын және енді ешқандай қауіп төндірмейтінін хабарлады.
Bayerischer Rundfunk-тің айтуынша, зардап шеккендер қызмет көрсету қызметкерлерінің ереуіліне қатысқан болуы мүмкін.
Бұған дейін Германияда бұрынғы қаржы министрі, Еркін демократиялық партияның жетекшісі Кристиан Линднерге сөйлеп тұрған кезінде құрамында сұйық сабын тектес сұйықтық бар торттың муляжы лақтырылғаны мәлім болды.