Мюнхенде «Октоберфест» сыра фестивалі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германдық Мюнхенде кеше, 19 қыркүйекте «Октоберфест» сыра фестивалі басталды. Бұл әлемдегі халықтың ең көп жиналатын серуені болып есептеледі.

Биыл фестиваль 182 рет мерекеленуде.

Өткен жылы бұған алты миллионнан астам адам қатысқан болатын. Биыл ұйымдастырушылар одан да көп болады деп күтуде.

Атап өтерн жайт. мереке қыркүйектің ортасы мен қазанның басы аралығында өтеді. Ол шамамен 16 күнге созылады.