Мюнхенде шабуыл жасаған күдіктінің аты-жөні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхенде шабуыл жасап, 9 адамның өмірін қиған күдіктінің аты-жөні - Давид С., деп хабарлайды Spiegel.

Басылым ақпарат көзін ашық көрсетпеген және күдікті жайлы жаңа мәліметтер келтірмеген, деп жазды РИА Новости 

Күні кеше 18 жастағы Иран тумасы Мюнхендегі «Олимпия» ірі сауда орталығы маңында қарулы шабуыл жасады. Шабуылшыны қосқанда, 10 адам қаза тапты.

Bild газеті полицияның қала орталығында орналасқан күдіктінің ата-анасымен бірге тұрған пәтеріне тінту жүргізгенін хабарлады.

Пәтерді қылмыс орнындағы бейнематериалдан шабуылшыны жазбай таныған танысының айтуымен тапқан. Басылым мәліметі бойынша, күдіктінің әкесін полиция басқармасына әкелді.

Күдікті таныстарының бірі, яғни оның сыныптасы күдіктінің «салмақты жан» болғанын айтты.