Мюррей Головкиннiң мықты және әлсiз жерлерiн атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн WBA чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткiзетiн әлем чемпионы титулына үмiткер британдық боксшы Мартин Мюррей өзiнiң жеңiсiне сенiмдi.

Мюррей тыңғылықты жаттығулары мен моральдық дайындығы жайында сөз қозғады.

«Мен оның барлық мықты тұстарын қарап шықтым. Оның қателiктерiн айтпай-ақ қояйын, себебi оның қимылында айтарлықтай мiн жоқ. Мен Головкиннiң ең мықты жақтарын зерттедім. Барлығын ой елегiнен өткiздiм. Бұл маған дайын болуға көмектеседi. Ең бастысы - оның күшiне назар салу керек. Соққылары жойқын. Оның шеберлiгi де жоғары деңгейде, ол қарсыласын өз ыңғайына қарай көндіріп алады», - деді ол.

«Ол мықты панчер ғана емес, сонымен қатар шебер боксшы. Бiрақ бiз оның қорғанысынан бiрдi-екiлi кемшiлiктер байқадық. Маған соны пайдаланып қалу керек, менiң қолымнан барлығы келедi деп сенемiн. Жекпе-жек сұрапыл болатыны анық, мен барлық ауыртпалықтарды еңсеруге дайынмын. Бұл менiң жекпе-жегiм, менiң мүмкiндiгiм және мен жеңiсті ғана ойлаймын. Кездесу ұзақ әрi ауыр болады. Рингте нағыз айқас болады, мен оған дайынмын. Соны тағатсыздана күтiп отырмын», - дедi Мартин Мюррей.