Н.Ә. Назарбаев - қазіргі кешенді көшбасшының үлгісі - Ю. Солозобов

/strong>Сәуірдің 22-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жыл аралығында Қазақстан Республикасы дамудың белгілі бір деңгейіне жетіп отыр.

Бұл көп уақыт болмағанымен жас Қазақстанның атқарған еңбегін, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеткен жетістіктерін саралап өтуге боларлықтай. Бұл жайында саясаттанушы, Ресей ұлттық стратегия институтының арнайы жобалар бойынша директоры, «Қазақстан» саяси жаңалықтар агенттігінің бас редакторы Юрий Солозобов «Қазақстандағы президенттік билік - табысты 20 жыл» атты кітабын таныстыру барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, кітапта Орталық Азияның барлық аумағы мен осы елде жұмыс істеген ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қорытындысы жарияланған. Сонымен қатар 20 жылдағы Қазақстан халқының аянбай атқарған еңбегі мен мемлекеттік жетістіктері баяндалғандығын жеткізді.

«Бұл кітапта ресейдің жетекші саясаткерлері мен экономистері ҚР-ның екі он жылдықта жеткен табысы мен президент институтының, мемлекеттің қалыптасуының, ҚР саясаты және ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлі, яғни еңбегі жайында саралайды», дейді Ю. Солозобов.

Сондай-ақ Қазақстанның 20 жылдағы еңбектерінің маңызын айта келе, еліміздің Еуразияның демократиялы жас елдеріне үлгі болатынын жеткізді.

«Қазақстанның Тұңғыш президенті: «Қазақстан өзінің даму жолын таңдап, сонымен келе жатыр. Біз әлемдік тәжірибені саралай келе эволюциялық жолды таңдадық, демократияны жан-жақты енгізуде басқалардың істерін қайталаудан аулақпыз. Біз тек өз еліміз бен халқымызға қажеттіні жасауымыз керек және ол қолымыздан келуде» деп айтып өткен еді», дейді кітаптың авторы.

Саясаттанушының айтуынша Кеңестік кезеңнен кейінгі қиын уақыттарда ҚР-сы ТМД республикалары арасында ерекше орын алған. 1990 жылдары экономикалық дұрыс шешімдер қабылдауының арқасында алға жылжып, өзінің даму жолына түскен. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикалық дамуы бойынша Еуропаның бірнеше елдерінің деңгейінде тұр.

«Осы 20 жыл аралығында ҚР Президенті ТМД елдері арасында ең танымал саясаткер ретінде мойындалды. Бұл оның беделінің жоғары екендігін және кешенді көш басшы екендігін көрсетеді. Сондай-ақ Н.Ә. Назарбаев өзінің жаңашыл инновациялық шешімдерін де көрсете білді», дейді Ю.Солозобов.

Сондай-ақ журналист тәуелсіз Қазақстан өзінің қалыптасуының барлық жетістіктеріне және Қазақстан мен оның көш басшысы көптеген табыстарға қол жеткізгендігін айтады.

«Біздің ойымызша, Қазақстанды қиын-қыстау кезеңде өз-өзіне сенімді, беделді көш басшы басқаруының арқасында республика әлемдегі өз орнын таба білді және ол қазақ елін қаншама қиыншылықтарға қарамастан өз жолымен жүргізіп келеді», дейді Ю. Солозобов.