Н.Байбазаров ҚДБ лизингтік еншілес компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрлан Байбазаров ҚДБ лизингтік еншілес компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Айтып өтілгендей, аталған шешім  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың төрағалығымен бүгін өткен ҚДБ-ның Директорлар кеңесінің отырысында қабылданды.

Холдингте мәлімдегендей, Н. Байбазаров осы лауазымда ағымдағы жылғы 30 маусымында өкілеттілігі тоқтатылған Алексей Боевтың орнын алмастырды.

Н. Байбазаровтың 18 жылдық еңбек өтілі бар, оның 7 жылында  «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарған.

2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін ҚДМ-ның жобаларға агенттіктік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, корпоративтік хатшы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан бастап  бүгінгі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Сонымен бірге әр жылдарда ұлттық компанияларда, атап айтсақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметтер атқарды.

Нұрлан Байбазаров Қазақ мемлекеттік басқару академиясын  бітірген. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, деп хабарлады Pm.kz.