АНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - «Н» блогында көмірсутек шикізатының алғашқы белгілері табылды. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.
«Қазіргі таңда алғашқы барлау бұрғылауы жүргізілді. Қысқа ғана айта аламын - біз көмірсутек шикізатының белгілерін таптық», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған жобаға қатысушылар барлау бұрғылауы бағдарламалары толығымен аяқталғаннан кейін ғана коммерциялық табыс туралы жариялай алады.
«Н» блогы Каспий теңізінде, Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Оның аумағы 8184 шаршы шақырымды құрайды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.