Н.Бордюжа ҰҚШҰ елдерін бірыңғай көші-қон кеңістігін құруға шақырды

None
ТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының барлық елдері заңсыз көші-қонмен және үшінші елдерден экстремизмді жеткізушілермен күресте біртұтас майдан құруы тиіс", -

деп мәлімдеді ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа Минскіде ҰҚШҰ құзыретті органдарының заңсыз көші-қон мәселелері жөніндегі жетекшілері үйлестіру кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, бірыңғай саясатымен біртұтас көші-қон кеңістігін құру жөніндегі міндет алға қойылып отыр, деп хабарлады РБК.

Н.Бордюжа «Жасырын-2011» операциясының алғашқы нәтижелерін «жеткілікті дәрежеде қомақты» деп бағалады. Дегенмен, ол заңсыз көші-қонның мемлекетаралық арналарын жабу жолындағы жұмысты күшейту, олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту қажет деп санайды. ҰҚШҰ бас хатшысының пікірінше, көші-қон қызметтері ҰҚШҰ мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен, арнайы және шекаралық органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасаулары тиіс.

Н.Бордюжа Ресей көші-қон қызметінің еңбек мигранттары еңбекпен айналысатын жерлерге шығар алдында оларға құқықтық мәдениетін көтеру жөнінде ақпарат берілуі тиіс деген ұсынысын қолдайды. Ол сондай-ақ мигранттардың болған елдеріне бейімделуі үшін ұлттық диаспорлармен өзара тығызырақ іс-қимыл жасау қажет деп санайды.