Н.Ерiмбетов: Қазақстандағы президенттiк сайлау әдiл және ашық өттi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы президенттiк сайлау әдiл және ашық өттi. Бұл туралы бүгiн ОКҚ өткен брифингте Сайлау науқанын бақылау республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерiмбетов мәлiм еттi.

"Сайлау әдiл және ашық өттi. Бiз бұны осынау биiк мiнберден мәлiмдеймiз. Электоралды кампанияның сәттi аяқталуымен баршаларыңызды құттықтаймын", - Н.Ерiмбетов.

Оның айтуынша, елiмiздiң барлық аймақтарында 9,5 мыңнан астам отандық бақылаушылар тынбай еңбек еттi.

"Бiз жергiлiктi жерлердегi оқиғаларды бiлiп отырдық, оқу процестерiн ұйымдастырдық, арнайы бюллетеньдердi жасадық. Бiздiң сайт тәулiк бойы жұмыс жасап тұрды. Бiз аймақтардағы халықтың көңiл-күйлерін және күткен арман-тiлектерiн бiлiп отырдық. Бұл Қазақстандағы жоғары саяси өсудiң белгiсi", - дедi ол.