Н.Ермекбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қызметкері Əсет Мақажанов айтты.

«Алдағы аптада ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының 10-шы кездесуіне қатысады. Кездесу Мәскеу қаласында 14 сәуірде өтеді», - деді ол.