Н.Калашникова: Елбасының мақаласы - бұл елді жаңғыртудың жол картасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламасы - бұл елді жаңғыртудың жол картасы. «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Наталья Калашникова осындай пікірді білдірді.

«Мақаланың өзі ауқымды жаңғырту мен 5 институттық реформаның «жол картасы» іспеттес екендігін атап өткен орынды. Бүгінгі күнге дейін шетелдік және отандық сарапшылар атап өткендей, мақала әдістемелік тұрғыда мығым құрылымдалған. Онда Президент қазақстандық арманға басым бағыттарды ғана айқындап қоймай 5 институттық реформа нәтижелерінен қазақстандық күтетін нақты тетіктерді де көрсетіп берді», - деді Н.Калашникова.

Осы ретте ол Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындайтын өте маңызды екі Жарлыққа қол қойғанын еске салып өтті. Оның бірі - қазақстанық біртектілік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы. Онда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың заманауи тетіктері айқындалған. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамытудың жаңа тұжырымдамасында ұйым қызметінің жаңа институттық бағыттары белгіленген.

«Біздің көзқарасымызша, қазірдің өзінде осындай қоғамдық саяси үстілік институт дамуының негізгі магистралі қалыптастырылып үлгерген. «Реформалар табысы - ұлт бірлігіне бастар жол». Бұл бүкіл бағдарламалық мақаланың басты буыны және онда Елбасы болашағы біртұтас ұлт қоғамның маңызды өзегі екендігін көрсеткен. Әрине бұған қоса бұл - барлық бес институттық реформаның басты мақсаты және мәні», - деді мекеме директоры.