Н. Қаппаров: Жергілікті атқарушы органдар өз аумақтарын дамыту бағдарламаларын ҚР-дың «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы талаптарына сәйкес келтіруі қажет

None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың «Нұр Отан» ХДП XV съезіне қатысу үшін келген Алматы облысының делегаттарымен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Н. Қаппаров жергілікті атқарушы органдардың өз аумақтарын дамыту бағдарламаларын Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдама талаптарына сәйкес келтіруі қажет екенін атап өтті.

«Қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту, ауаның ластануын төмендету, орнықты ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу, энерготиімділік пен энергия үнемдеуін арттыру, энергия қоржындарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша шараларды қабылдау қажет»,- деді министр осы орайда.

Алматы облысының айрықша рөлін сөз ете отырып, министр Алматы облысын еліміздің перспективасы зор өңірлерінің бірі екендігін, онда маңызды ғылыми күштер мен табиғи, өнеркәсіптік және аграрлық ресурстардың шоғырланғандығын, елеулі транзиттік әлеуеті бар, сондай-ақ, үлкен практикалық тәжірибе жинақталғандығын атап өтті.

Министр жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше нысандарын салу жоспарланған жөніндегі өңірлік электр энергиясын өндіруді ұлғайту бағдарламасын қолдады.

Бүгінде облыста 9 шағын СЭС жұмыс істейді, 2016 жылға дейін одан басқа 19 СЭС, 7 ЖЭС және күн электр станциясын енгізу жоспарлануда.

Кездесуде су ресурстарын басқару, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеу, сондай-ақ балық шаруашылығы мен орман саласын дамыту жөніндегі мәселелер де талқыланды.

Кездесуге қатысушылар экология саласындағы проблемаларды тиімді шешу үшін өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі туралы пікір білдірді.