Н.Крюкова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметіне тағайындалды
Бұл туралы өзінің Twitterдегі шағын блогында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов мәлім етті.
Н.Крюкова аталмыш лауазымға келгенге дейін Қарағанды облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ол 2000 жылы Экономика және құқық институтын бітірген. Заңгер мамандығы бар. 1980 жылдан бері Иркутск облыстық атқару комитетіндегі Әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде зейнеткерлер секторының инспекторы, ал шілде айында осы бөлімнің аға инспекторы болды. 1989 жылдан бастап, Қарағанды облысының әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет ете бастады. 1997 жылдан бері басшылық қызметтерді атқарды. 2007 жылға дейін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы директорының орынбасары қызметінде болды.