Африкандық көшбасшысының 40-беттік өсиеті бүгін Оңтүстік Африка Республикасының сотында жария оқылды. Баспасөз мәслихаты кезінде сот орынбасары өсиет етілген мұра африкандық көшбасшы тірі кезінде негіздеген үш қорға бөлінетінін хабарлады. Н.Мандела қорының бұрынғы қызметкерлері 50 мың рандтан алады. Бірнеше жергілікті оқу орындарына 100 мың рандтан беріледі. Н.Манделаның отбасы қорына және экс-президенттің өзі мүше болған ОАР-дағы «Африкандық ұлттық конгресс» билеуші партиясына 1,5 млн. рандтан беріледі.
Мұраның бөлінуін Н.Манделаның отбасы мүшелері мақұлдады және үлестерге қатысты ешқандай шағым түскен жоқ. Н.Манделаның үшінші (соңғы) әйелі Граша Машел өсиет бойынша өзіне тиесілі қаржыдан мүлдем бас тартты. Н.Манделаның өсиетін жариялауға байланысты африкандық көшбасының үлкен отбасында ішкі кикілжің болуы мүмкін деген себеппен адвокаттар құжатты жария оқуды талап еткен болатын. ОАР экс-президентінің немерелері мен шөберелері атақты аталарының есімін өздерінің бизнестеріне пайдалануда. Дүниеден өткен африкандық көшбасшының артында 30 баласы, немересі және шөбересі қалды.
.