«Бұл күндері Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында түлектер оқу бітіріп жатыр. ЖОО-ларды 128 мың жас қазақстандық бітіріп, диплом алады. Мен барша түлекті оқуын аяқтауымен және еңбек жолын бастауымен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы бүгінгі буын бәсекеге толы қазіргі қиын жағдайда Қазақстанды алға жетелейтіндігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта әлемдік экономикада жаһандық әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Тек қана жанжалдар ғана емес, сонымен бірге өте үлкен турбулентті процесстер орын алуда. Осынау дағдарысқа толы жаңа экономикалық жағдайдан білімі мен ғылымы үздіктер ғана жеңіп шығады. Білім - қазіргі әлемдегі ең құнды капитал», - деді Елбасы.