«Алдағы 2011-ші жыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Әзірбайжан үшін ерекше саяси мәнге ие тарихи жыл болмақ. Өйткені, туыстас мемлекеттер өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайтын болады. Бауырлас Түркия үшін де бұл ерекше, мерекелі күн болатынына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.
Ол тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға қатысты бірлескен шараларды жүзеге асыруға ұсыныс жасады. Оның айтуынша, бұл түркітілдес мемлекеттер арасындағы туысқандық байланыстардың нығая түсуіне себепкер болады. Сонымен қатар түркі халықтарының жетістіктерін тойлау аясында, оның мәдениеті мен өнері халықаралық аренада насихатталатын болады.