Н.Назарбаев 22 мамырда VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорда ресми порталы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасын жариялады.

Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды.

Ал 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.