Н.Назарбаев А.Дуданы Президент лауазымына сайлануымен құттықтады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданы Президент лауазымына сайлануына байланысты құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Елбасы Қазақстан мен Польша арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ, А.Дудаға мықты денсаулық, жемісті қызмет, ал достас Польша халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.