Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезі барысында сөз сөйлеген Бүкіләлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Абдалла бен Мухсин ат-Түрки осылай мәлім етті.
«Қасиетті Құранда айтылады: «Аллаһ сендерге дін үшін сендермен соғыспағандармен, діндерің үшін сендерді қуғынға ұшыратпағандардың барлығымен мейірімді әрі әділ болуға тыйым салмайды» деп айтылады. Расында да, Жаратушы алаламайтындарды сүйеді» деп айтылады. Ал мұның өзі діни институттардың дінді адамдардың төpімсіздігін қоздыратын, құқын бұзатын теріс құрал ретінде пайдаланудан қашық болуын талап етеді», - деді шейх Абдалла бен Мухсин ат-Түрки.
Оның айтуынша, диалог жолы арқылы бейбітшілікке үндеу - бұл адамзаттың игілікті қадамы. Бұндай қолдауға тұрарлық жолдың бір мысалы - бүгінгі форум.
«Бұл ретте Дүниежүзілік ислам лигасы көптеген мекемелермен, ұйымдармен ынтымақтастық арқылы адамзаттың құндылықтарға баса мән беретін болады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік ислам лигасы әрқашанда Қазақстанмен ресми әрі халықтық деңгейде ынтымақтастықты қолдайтын болады. Сонымен қатар, жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Әбішұлына оның дүниедегі адамгершілік күш-жігері үшін ризашылық білдіреді. Осы арқылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев адамзаттық қатынастар диалогын орнату мәселесінде ерекше жоғары орынды иеленіп отыр», - деді Лига бас хатшысы ат-Түрки мырза.