Н.Назарбаев Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және агрокәсіпорындар басшыларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және агрокәсіпорындар басшыларымен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.