Н.Назарбаев Ақтөбе облысының жастарына 60 автомобильдің кілттерін тапсырды
Ақтөбелік «жасотандықтардың» елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу жөніндегі бастамасы жастар тарапынан ғана қолдау тауып қойған жоқ, Мемлекет басшысы мақұлдап, бұл оңды тәжірибені елдің басқа аймақтарына таратуды ұсынған болатын.
Соның нәтижесінде жас ақтөбеліктердің патриоттық бастамасы игі істердің кең ауқымды республикалық жастар акция-эстафетасына ұласты. Ақтөбе облысында ғана студенттік және жастар жасақтарының туы астына жетпіс мыңнан астам жауынгер қосылды.
Жастар 380 елді мекендерді абаттандырды, оларда 300 саябақтар мен скверлерді, аллеяларды және 3300 көшені тазартты, 230 ашық спорт кешендерін және 800 әлеуметтік нысандарды жаңғыртты және абаттандырды, 1650 қалай-солай жатқан қоқыстарды жойып, 20 мың тонна қоқысты шығарды, жүздеген шақырым орман жолақтарын, өзендер аңғары мен көлдер жағалауларын жинастырды.
300 мыңнан астам түп жасыл желек отырғызылып, туған ауылдарында 1500-ден астам мәдени-спорттық шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізді.
Ақтөбе облысының жастары алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы оларға жақсы бастамалары және оны ойдағыдай жүзеге асырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев акция қатысушыларына 60 ВАЗ 2107 автомобильдерінің кілттерін тапсырып, облыстық штаб бастығына 1000 ноутбуктің және Астанаға 2000 жолдаманың сертификаттарын тапсырды, олар Президенттің атытан елдің алғашқы жастар марафон-этафетасының таңдаулы қатысушыларына тапсырылатын болады.
Бұдан кейін №32 мектептің 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Досекешев, Ақтөбе көлік және коммуникация колледжінің оқушысы Ольга Ганина және СҚЖ және «Жасыл ел» жасақтарының командирі Гүлзат Әбнасырова жауап сөз сөйледі.
Ақтөбе жастары атынан Мемлекет басшысына қарата сөз алған Әсел Бөлекова «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасын келесі жылы да жалғастыру жөнінде бастама көтерді.
Слет жастардың әнұранына айналған «Атамекен» әнін шырқаумен аяқталды.