Н.Назарбаев әлем бойынша оффшорларда 40 трлн доллар жатқанын айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік сарапшылардың бағалауынша, оффшорлық шоттарда 30-40 трлн доллар жатыр. Бүгін Астана экономикалық форумының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгінде әлемдік сарапшылардың бағалауынша, оффшорлық шоттарда 30-40 трлн доллар жатыр екен. Осы активтердің тым болмағанда бір пайызын жұмсағанда, дамушы елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау салалары жаңа жақсы деңгейге көтерілер еді», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті Халықаралық валюта қоры мен дүниежүзілік банк жаһандық экономиканы оффшордан арылту жөнінде тиімді оңтайландыру шараларын ұсына алатынына сенім білдірді.