Н.Назарбаев Алматыда бокстан әлем чемпионатының финалын тамашалайды

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ақтық кездесулерін тамашалайды,

деп хабарлады Vesti.kz.

Әлемдік біріншіліктің финалдық бәсекелері 26 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Атап өтер болсақ, қазір 4 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты - Біржан Жақпов (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Мерей Ақшалов (64 келі) және Жәнібек Әлімханұлы (75келі). Тек Антон Пинчук (91 келі) қана бұл сыннан өте алмады.