Н.Назарбаев Астанада көпфункциональды «Қобыз сарайы» концерттік залында болды
15:21, 29 Маусым 2012
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қобыз сарайы» көпфункциональды концерт залында болды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірегей мәдени нысан жеке инвестордың қазақ фольклорлық музыкасын насихаттау және шетелдік және қазақстандық туристерді тарту мақсатымен заемдік және жеке қаражатына салынған. 340 орынға есептелген көрермендер залы қазақтың киіз үйі түрінде орындалған. Ал дыбыстық жүйесін Жапония мамандары жобалап жасаған.
Жобаның бірегейлігі сонда, дауыс пен аспаптардың дыбысы залдың кез келген жерінен микрофондарды зорайтқышсыз айқын естіледі.
Кешенді кинозал, конференц-зал ретінде, сондай-ақ әртүрлі мәдени-көпшілік және басқа да шаралар өткізуге пайдалануға болады.