Н. Назарбаев Астанадағы салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысы «Талан Тауэр» көпфункционалды кешені құрылысының барысымен, сондай-ақ «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешеннің құрылысымен танысты.