"Өз еліңде абырой, беделге ие болмай ешқандай бақытқа жетпейсің. Шындығында бізде тапқанын Қазақстанға салып, қонақ үйлер, өндірістер салып жатқан бизнесмендер бар. Ауыл-ауылдарда мектеп салып жатқандар, балабақша салып жатқандар бар. Біздің ақпарат құралдары соларды жақсылап тұрып көрсетуі тиіс. Ондайлар аз емес. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып, елге қызмет істейік", - деді Елбасы.
12:12, 29 Қаңтар 2016
Н.Назарбаев БАҚ өкілдерін ауылдарда мектеп, балабақша салған кәсіпкерлерді насихаттауға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 'Нұр Отан' партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдарда мектеп, балабақша салған кәсіпкерлерді насихаттауға шақырды.