Н. Назарбаев бүгінгі күні антиядролық әлемдік қозғалысты басқаруға дайын әрі лайықты тұлға - ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Ж.Кәрібжанов

әуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Н. Назарбаев бүгінгі күні антиядролық әлемдік қозғалысты басқаруға дайын әрі лайықты тұлға.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан-бейбітшілік елі» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен оның Президенті Н. Назарбаев өзінің ұстанған саясатының арқасында ядролық қаруға қарсы әлемдік саясаттың көшбасшысына айналып отыр. Бұған дәлел ретінде таяуда ғана елімізге ресми сапармен келіп кеткен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның пікірін келтірсек те жеткілікті. Бас хатшы барлық елдерді Қазақстаннан үлгі алуға шақырып, бұл ретте Президент Н. Назарбаевқа жаһандық антиядролық қозғалысты басқару туралы ұсыныс жасады. Меніңше, бұл өте орынды ұсыныс. Н. Назарбаев бүгінгі күні бұндай әлемдік қозғалысты басқаруға әбден дайын әрі лайықты тұлға», деді Ж. Кәрібжанов.

Мәжіліс Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұндай ұсыныстың өзі Мемлекет басшысының бейбітшілік жолында сіңіріп отырған еңбегінің жоғары деңгейде бағаланғанын білдіреді.