"ДСҰ-ға мүше болу - күллі Қазақстанның жеңісі, оның жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар. ДСҰ жұмысының стандарттары - ашықтық, тиімділік, бәсекеге қабілеттілік - осы реформалардың рухына сай келеді», - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы «ДСҰ-ға кіргеннен кейін біз отандық кәсіпорындарымызға жәрдемдесуден бас тартпаймыз», - деп атап өтті.
«Енді мемлекет көрсететін қолдау шаралары халықаралық ережелерге сай болуы тиіс. Сонымен қатар қазақстандық кәсіпорындар ДСҰ қағидалары бойынша бәсекеге қабілеттілікке үйренуі қажет. Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек», - деді ҚР Президенті.
"Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін», - деп түйді Н.Назарбаев.