Н.Назарбаев: Еуразиялық экономикалық одақ - шынайы мағынада қазіргі заманның инновациялық жобасы

None
МӘСКЕУ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың «дөңгелек үстелі» басында біздің мемлекеттеріміздің тарихы жасалуда. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық кеңес отырысы қорытындысы бойынша брифингіде мәлімдеді.

Н.Назарбаев 2013 жыл интеграциялық бірігу үшін өте маңызды болғанын атап өтті. Оның басты мақсаты - 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастайды.

Президенттің атап өтуінше, «үштік» елдері көшбасшылары салалық және құрылтайшы құжаттарын жасау бойынша егжей-тегжейлі баяндады. «Тараптардың әрқайсысы осы үлкен жұмыста оң ілгерілеуге қол жеткізгенін атап өткім келеді», деп атап өтті Н.Назарбаев.

«Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияны да реформалау қажет - біз бұл туралы айттық. Ол ықпалдастықтың жаңа деңгейіне толық көлемінде сәйкес келіп, барлық қатысушылардың мүдделері теңгерімін қамтамасыз етуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

«Еуразиялық экономикалық одақтың «дөңгелек үстелі» басында біздің мемекеттеріміздің тарихы жасалып жатыр десек, асыра айтқандық емес. Біз бұл жауапкершілікті түсінеміз. Еуразиялық экономикалық одақты құру - шын мәнінде инновациялық жоба. Еуразия экономикалық Одақ - құлаған Кеңес Одағын көксеу емес, бұл Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің нақты ұстанымы. Саяси тәуелсіздік сақталады және оған ешкім қол сұқпайды», - деп сөзін түйіндеді Н.Назарбаев.

«Үштік» мемлекет басшылары «Ықпалдастық үдерістерді одан әрі дамытудың бағыттары туралы» шешім қабылдағаны атап өтілді, онда үкіметтерге және Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Украинамен және Қырғызстанмен (әрқайсымен бөлек) арадағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды мақұлдау туралы шешімдер қабылданды.