Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген. Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Кәрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
18:01, 30 Наурыз 2015
Н.Назарбаев И.Кәрімовті Өзбекстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.