Елбасы мұндай пікірін Астана экономикалық форумы барысында оған қойылған сұраққа жауап беру кезінде білдірді.
«Бүгін Джек Ма (танымал қытайлық миллиардер - ред) 80-ші жылдан бері 2 млрд. адам өмірге келгенін айтып өтті. Олар - «Интернет балалары». Жаңа буын. Жоғарғы буын өкілдері Интернет ғасырында тәрбиеленген жастарға түсіністікпен қарап, кедергі келтірмеуі керек. Бұл менің замандастарым үшін ауыр сын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Қазақстанның астанасында кезекті Астана экономикалық форумы аяқталған болатын. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен танымал сарапшылар қатысты. Екі күнге созылған шараға 80 елден 5000-нан астам делегат қатысты.