АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан дүниежүзілік сауда рейтингінде 50-ші орынға дейін көтерілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
ҚР Президенті өз сөзінде импорттаушылар өз тауарларын елге әкелгеннен кейін кедендік рәсімдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік алатынын атап өтті.
«Қазақстан дүниежүзілік сауда рейтингінде бүгінгі 185-ші орыннан 50-ші орынға дейін көтерілуі тиіс. Міне бұл Үкімет алдындағы міндет», - деді Елбасы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.