Н.Назарбаев: Қазақстан Латвиямен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Латвиямен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Қазақстан Латвия Республикасымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Біз Латвияны Балтық өңіріндегі маңызды сауда-экономикалық әріптесіміз ретінде қарастырамыз. Көлік-транзит, машина жасау және ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, білім, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті өте зор», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Латвиямен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтетін кез келгенін баса атап өтті.