Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасын жандандыруға осы айдың басындағы Александр Лукашенконың елімізге жасаған сапары өте үлкен ықпалын тигізетіндігін атап өтті.
«Біз Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістігі аясында өзара қарым-қатынастарды өркендетіп жатқан елдерміз»,-деген ҚР Президенті Ресей, Беларусь, Қазақстан бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақты, тең құқылы әрі өзара тиімді экономикалық интеграцияны құрып жатқандықтарын баса айтты.