Н.Назарбаев: Қазақстан мен Мысырдың ауыл шаруашылығы саласында ұзақмерзімді байланыстар жасау мүмкіншілігі зор

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Мысырдың ауыл шаруашылығы саласында ұзақмерзімді байланыстар жасау мүмкіншілігі зор. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы Қазақстан мен Мысырдың ауыл шаруашылығы саласында ұзақмерзімді байланыстар жасау мүмкіншілігі зор екендігін баса айтты.

«Мысыр елі астықты ең көп сатып алатын, біз көп экспортқа шығаратын мемлекетпіз. Қазақстан астық экспортында көшбасшылардың бірі. Сондықтан 2006-2010 жылдары Қазақстан Мысырға 1 млн. тоннаға дейін астық жіберіп отырды. Осы бағытты одан ары қарай өркендететін боламыз», - деді ҚР Президенті.