Н.Назарбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау туралы Заңға қол қойды
10:04, 09 Сәуір 2012
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.