АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ХХІІ сессиясында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ассамблеяның алтын шаңырағын асқақтата түсуге үндеді.
«Бақыт бағалай білгеннің басына тұрақтайды деген сөз бар. Ең асыл қазынамыз - бірлігіміз. Көздің қарашығындай мұны сақтай алсақ, барлық асулардан асамыз, армандарға жетеміз. Мен халқымды Ассамблеяның алтын шаңырағын асқақтата түсуге үндеймін. Бірлік қағидаты әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын. Жерімізде ұлы Отан - Мәңгілік елге деген махаббат оты маздасын. Баянды болашаққа бірге қадам басайық. Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін!», - деді Елбасы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.