«Құрметті қазақстандықтар! 1991 жылдың 16 желтоқсанында ұлттар шоқжұлдызында жаңа жұлдыз - Қазақстан Республикасы жанды. Біз осы күні өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Біз ұлы борышымызды жүзеге асырдық - біздің тәуелсіздігіміздің ізашарлары болдық», - деді ҚР Президенті.
Осы ретте Елбасы осыдан 22 жыл бұрын қазақ елі экономикасын өрлетуді тек қана армандай алатын болса, бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан орын алғандығын баса айтты.
«Қазақстанның халықаралық жиынтық резерві өсіп келеді. Оның көлемі таяу аралықта тарихи рекордқа 100 млрд. долларға жетеді»,- деді Н.Назарбаев.