«Қазір бұрынғыға қарағанда екі есе артық жұмыс істеу керек. Жыл аяқталуға жақындады. Барлық мәселелерді үнемі назарда ұстау керек, яғни биылғы жылды дұрыстап аяқтау керек. Әр облыста, ауданда, әрбір министрлікте барлық мәселелерді қарастырыңдар. Мынандай жағдайда экономиканы төмендетпей, жоғары дәрежеде ұстау - барлығымыз үшін абырой. Сондықтан ел үшін жасап жатқан еңбектеріміз табысты болсын!» - деді Мемлекет басшысы отырысқа қатысқан Үкімет мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде.
Сонымен қатар Президент әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан қазіргі кезде Қазақстан халқының жағдайы жаман емес екенін айта келе: «ел аман, жұрт тыныш, өз шаруаларын жасап жатыр. Дастарханында тамағы бар, баспанасы мен көлігі бар», - деді.