«Біз шетелік стратегиялық серіктес тартқан «Эйр Астана» ғана қазіргі уақытта жаһандық нарықтағы лайықты бәсекелес болып отыр. Тек сол ғана капитал пайдалануда тіпті, әлемдік бәсекелес компаниялардан да жоғары тиімділік көрсетуде», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің атап өтінше, «Қазатомөнеркәсіп» пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялары да капиталды пайдалануда жаман нәтиже көрсетіп отырған жоқ.
«Бірақ, қордың басқа компаниялары өкінішке орай мұндай табыспен мақтана алмайды. «Қазпошта», «КЕГОК» жергілікті, тиімділігі төмен компаниялар болып қалуда және бүгінгі таңда әлемік дәл сондай компаниялармен бәсекелес бола алмайды. Қор үшін олар не ұсынды, даму стратегиясы қандай? Үкіметке не ұсынды? Маған әзірше белгісіз. Біз жүктеп отырған міндеттерге олар қалай қол жеткізбек?», - деді Мемлекет басшысы.