Н.Назарбаев: Қоғамдағы тыныштықты нығайту - барлық қазақстандықтың ортақ ісі

АСТАНА. ҚазАқпарат Қоғамдағы тыныштықты нығайту - барлық қазақстандықтың ортақ ісі. Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысы әлемдік дағдарыс еліміздің дамуына да теріс әсер еткендігін баса атап өтті.

«Біз көптеген адамның одан зардап шегіп, жұмысынан немесе табыстарының бір бөлігінен айырылғанын білеміз. Ондай адамдар кез келген қоғамда бар. Өз тарабымнан ешкімге де біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілікті бұзып, тұрақтылыққа селкеу түсіруге жол бермейтіндігімізді айтқым келеді. Құқықтық тәртіпті бұзған әркім заңмен қатаң жауап беретін болады. Қоғамдағы тыныштықты нығайту - әрбір азаматтың, барлық қоғамдық ұйымдардың, барлық қазақстандықтың ісі», - деді Мемлекет басшысы.