Н.Назарбаев ҚР-дың Швециядағы Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Шве­ция Корольдігімен дип­лома­тиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін:

1. Стокгольм қаласында (Швеция Ко­рольдігі) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 29 желтоқсан. №456