Н.Назарбаев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң заңнамалық актілерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. .

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.