Н. Назарбаев ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңға қол қойды
18:06, 23 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.