Н.Назарбаев ҚР Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейін қазіргі Үкіметтің соңғы отырысы өтеді

АНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Ертең, 8 сәуір күні Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің соңғы отырысы өтеді.

Отырыс 3 сәуір күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел халқының 95,55 пайыз дауысын алып, қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімінің салтанатынан кейін басталады. Айта кетейік, Н. Назарбаевты ұлықтау рәсімі ертең, 8 сәуір күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында болады.

Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Үкімет жаңадан сайланған ҚР Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкіметтің жаңа құрамын Конституцияда белгіленген тәртіппен Президент құрады. 2007 жылдың 10 қаңтарынан бері ҚР Премьер-Министрі қызметін Кәрім Мәсімов атқарып келеді.