АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күзде Қырғызстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мəлім етті.
"Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Бішкекке ресми сапармен барады. Онда екі елдің арасындағы жоғары мемлекеттік кеңестің кезекті отырысы өткізіледі", - деді ол.
Сонымен қатар министр Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы байланыстардың жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Жалпы, Орталық Азияның барлық елдерімен айрықша саяси жəне экономикалық мүдде орнағанын еске салды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.