Н. Назарбаев Қырғызстандағы саяси күштерді елдегі жағдайды тұрақтандыруға шақырды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы барлық саяси күштерді ол елдегі жағдайды тұрақтандыруға бір кісідей атсалысуға шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қырғызстандағы барлық саяси күштерді өздерінің амбицияларын серпіп тастап, бір кісідей жұмылып, жағдайды тұрақтандыру үшін және халықтың тұрмысын жақсартуды бастау үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруға шақырамыз», деді Н. Назарбаев бүгін Ақордадағы брифингте.

Елбасының сөзіне қарағанда, Қырғызстандағы биліктің вертикалын қалпына келтіріп, қарапайым адамдарды зорлық-зомбылықтан қорғау қазіргі таңдағы ең басты мәселе болып табылады.