«Жаңа экономикада мемлекеттің рөлі қандай болу керек деп ойлайсыз?», деп қойылған тілшінің сауалына Мемлекет басшысы: «болып жатқан ахуалды сараптай келе, мен болашақ экономиканы әрине, нарықтық экономика тұрғысында көріп отырмын. Алайда, нарықтық экономиканы реттеуде мемлекеттің белгілі бір қалыпты қатысуы болуы тиіс», - деп ескертіп өтті.
Президент бұл тұрғыда әлемдегі нарықтардағы бірнеше мысалдарды айта келе, ештеңемен шектелмеген еркін нарық қаржылық жүйенің жаппай күйреуіне әкеліп тірегенін атап өтті. «Ештеңе де сереңдеп бостан бос болмауы тиіс. Мемлекеттік реттеу ескерілуі керек», - деді Н. Назарбаев.
«Сондықтан да мемлекет тарапынан қалыпты реттеу элеметтерінен тұратын нарықтық экономика - ол елдің болашағы», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.