ҚР Президенті мақалада мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесі нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдар ұстанатындығын баса атап өткен.
«Ол үшін жыл сайын Үкімет, министрлер, әкімдер үшін және осылайша мемлекеттік органның әрбір құрылымдық бөлімшелеріне дейін мақсатты индикаторлар қабылданатын болады. Барлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің басшылығы бекіткен жеке жоспарлар бойынша жұмыс істейді», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мансаптық дәреже, олардың біліктілігі, атқаратын функциясы және оған бекітілген өкілеттіктер негізінде мемлекеттік қызметшілердің ағымдағы тапсырмаларды орындау жүйесін жеңілдету де маңызды екендігіне баса мән берген.